Toyota компаниясы Highlander-дің жаңа түрін таныстырды

Toyota компаниясы Highlander-дің жаңа түрін таныстырды
Фото: auto.vesti.ru

Автоөндірістегі танымал Toyota компаниясы Нью-Йоркте Highlander кроссоверінің төртінші нұсқасын таныстырды. Жаңа автокөлік кеңірек жасалып, әрі ұзындығы артқан. Құрастырушылар бұл өзгерістер жайлылық сыйламаса, ешқандай қолайсыздық тудырмайды, - дейді.

Жаңа Highlander үшқатарлы креслосы қалпын сақтап қалған. Жүк салғышы да көбірек зат артуға ыңғайланған. Кроссовер Toyota New Global Architecture (TNGA) платформасы негізінде жасалған. Дәлірек айтсақ, TNGA-K нұсқасында.

Автокөліктің базалық нұсқасы 295 аттың күшіне тең, 3,5 литрлік V6 орнатылған. Салонында да біршама өзгерістер бар. Мультимедиялық жүйе көлемі Platinum нұсқаларында үлкейген. 12,3-дюйм болған. Өзге түрлерінде 8-дюймді нұсқасы сақталған. Сондай-ақ жүргізуші үшін қолайлы интерфейстік қажеттіліктер қосылған.

Toyota Highlander-дің жаңа бензинді нұсқасы 5 құрамдау бойынша (L, LE, XLE, Limited және Platinum) нарыққа шығады. Ал гибридтік нұсқасы 4 құрамдау бойынша (LE, XLE, Limited және Platinum) сатылады. Нарықтағы бағасы қанша болатыны әзірге белгісіз. V6 нұсқасы бойынша шыққандар АҚШ-та 2019 жылдың желтоқсан айында сатылымға шығады. Ал Hybrid түрлері 2020 жылдың ақпан айында ғана нарықта бой көрсетеді.

Н. Үсенова