1964 жылы шығарылған Volkswagen Beetle сатуға қойылды

1964 жылы шығарылған Volkswagen Beetle сатуға қойылды
Фото: belnovosti.by

Hemmings бәссауда үйі 1964 жылы шығарылған Volkswagen Beetle Жук ("Қоңыз") машинасын сатуға қойды. Көлік бар-жоғы 35 шақырым жүрген болып, 1 миллион долларға бағаланған. 

Қара түсті "Қоңызды" 54 жыл бұрын АҚШ-тың Портленд қаласында тұратын автомеханих Руди Зварич 1957 жылы шығарылған Volkswagen Beetle үшін қосалқы бөліктерін ауыстыру мақсатында сатып алған. Бірақ оған қажет болмағандықтан, автомобиль осы уақытқа дейін гаражда тұра берген. 

Машинаның жағдайы өте жақсы. Барлық бөліктері, мысалы, терезе тазайлайтыны, дөңгелегі мен оның қақпағы, көлік қозғалысын бақылайтын айналары түпнүсқа күйінде сақталған. 

Айта кетейік, 1938 жылдан 2003 жылға дейін Volkswagen Beetle-нің 21,5 миллион данасы жасап шығарылған.

Т. Раушанұлы