Ford Marvel суперқаһармандарынан шабыттанып ерекше жүк көлігін жасап шығарды

 Ford Marvel суперқаһармандарынан шабыттанып ерекше жүк көлігін жасап шығарды
Фото: fntalk.com

Германияның Ганновер қаласындағы техника көрмесінде Ford автомобиль өнеркәсібі компаниясы F-Vision Future Truck деп аталатын автопилотпен жабдықталған электр жүк көлігін таныстырды.

Концепт Түркияның Koc Holding компаниясы және Ford Otosan инженерлері тарапынан жасап шығарылған. Жүк машина дизайнін мамандар Marvel суперқаһармандарынан шабыттанып жасағанын айтады. Мысалы, жүк көлігінің кабинасы "темір адам" шлемін еске салады. 

Машиналардың мүмкіндіктері туралы әзірге ешқандай мәлімет жарияланған жоқ. Көлік электро қозғалтқыш және 4-дәрежелі автопилотпенен жабдықталған. Бұл көліктің қалыпты ауа райында жүргізушісіз тәуелсіз қозғалуына мүмкіндік береді.

Мұндай жүк машиналарын шығарумен көптеген компаниялар айналысып жатыр. Мысалы, Volvo жақында кабинасы жоқ, жүргізушісіз жүк көлігін таныстырды. 2017 жылы соңында АҚШ-тың Thor Trucks стартапы Thor ET-One электр машинасын ұсынған еді. 

Бірақ электр жүк машиналарының базар нарығына шығу туралы сөз болса, бұлардың бәрінің алдын орап кететін Tesla Semi болуы мүмкін. Себебі машинаның сериялы жасап шығарылуы 2019 жылда басталады.

Т. Раушанұлы