Шотландиядан антиквариат – Land Rover көліктері табылды

Шотландиядан антиквариат – Land Rover көліктері табылды
Фото: motor.ru

Шотландияның Пиблсшир графтығында бір топ фотографтар саяхаттап жүріп, қазіргі күнде жоғалып кеткен, антиквариат саналатын жол талғамайтын – Land Rover көліктерін тауып алды. 

Автомобильдер жеке жер иелігіндегі қоймада сақталған. Бұдан басқа Rolls-Royce V12 қозғалтқышы орнатылған аэродромдық көлігі де табылған. 

Машиналардың бірі Land Rover Series IIA Lightweight әскери машина болып, 1968 жылы 1500-2000 данамен шығарылған. Екінші Land Rover Defender 110 маркалы көлігі болса, әртүрлі тапсырмалар – модельді конверсиялау және шассидің беріктігін тексеру сынды тәжірибелер үшін шығарылған. 

Соңғы табылған көлік - SRV1 аэродромдық трактор. Жерге қызмет көрсету топтарына арналған эксперименттік машина Rolls-Royce Meteor қозғалтқыштарымен жабдықталған. Мұндай қозғалтқыштар 1964 жылға дейін ағылшындық танктерге орнатылған. SRV1-дегі қозғалтқыш 608 күшіне ие.

Т. Раушанұлы