Volvo компаниясы ұшатын көлігін таныстырды

Volvo компаниясы ұшатын көлігін таныстырды
Фото: Volvo

Volvo компаниясы жүргізушісіз басқарылатын 360c ұшатын автокөлігін жасап шығарды. Volvo инженерлерінің мәлімдеуінше, автомобиль жақын қашықтықта ұшатын ұшақтармен бәсекелеседі. 

Машина салоны мүлдем жаңаша көрініске ие. Оның ішінде жүргізуші орындығы, роль және басқа да тетіктер жоқ. Есесіне 360c супер көлігін төрт мақсатта пайдалануға болады. Олар: жатар орын, мобильді кеңсе, үй есебінде және ойын үшін. Бұл үшін машинада барлық жағдай жасалған. 

Компания жаңа ұшақ көлігіндегі жолаушы үшін сырт және басқа жол пайдаланушылармен өзара байланысу үшін әмбебап стандарттарын жасаған. 

Машина сыртқы дыбыстарды, түстерді, көрнекі эффектілерді көрсетіп, жолаушыларға маневрлік операциялар туралы білуге мүмкіндік береді. Көлік қауіпсіздік жүйесі жол пайдаланушыларын апатты жағдай және осы сияқты алдын ала не болатыны туралы хабардар етеді, бірақ оларға не істеу керектігін және өзін қалай ұстау керектігін көрсетпейді.

Т. Раушанұлы