Mercedes және Audi жаңа электрокар өнімдерін ұсынды

Mercedes және Audi жаңа электрокар өнімдерін ұсынды
Фото: e-cars.hu

АҚШ-тың Пеббл-Бич қаласында (Калифорния штаты) Monterey Car Week автосалоны аясында өтіп жатқан көрмеде Mercedes-Benz және Audi компаниялары өздерінің жаңа электрокарларын ұсынды. 

Mercedes компаниясының Vision EQ Silver Arrow деп аталатын электр машиналарының жаңа ұрпағы 1937 жылы шыққан W125 спорткарына ұқсатып жасалған. Электрокардың алдында орналасқан дөңгелектерінің өлшемі 24 дюйм (60,96 см) болса, артқы бөлігінде орналасқан дөңгелектер өлшемі 25 дюйм (63,5 см). Машина 747 ат күшіне ие. Электрокар толық қуатпен 400 шақырымды басып өте алады. 

Ал Audi компаниясы болса, көрмеге PB18 E-tron электрокарын алып келген. Машина 2 секундта сағатына 100 шақырымдық жылдамдықты бағындырады. Прототипті жасау бойынша неміс брендінің 2 бөлімі – Audi Design Loft (Малибу, Калифорния) және Audi Sport (Неккарзульме, Германия) айналысқан. 

Audi PB18 680 ат күшінен тұратын 3 электрлі қозғалтқышпен жабдықталған. Машинаның толық қуатымен 500 шақырымға жақын жол жүре аласыз. Көліктің аккумуляторы 15 минутта толықтай қуатталады.

Т. Раушанұлы