500 мың АҚШ долларына татитын көлік 40 жыл орманда тұрған

500 мың АҚШ долларына татитын көлік 40 жыл орманда тұрған

Орманнан табылған Aston Martin DB4 автокөлігі 500 мың АҚШ долларымен аукционға қойылды. 1960 жылы шыққан темір тұлпар белгісіз себептермен орманда ұзақ уақытқа қалып қойған. Милан қаласында 1958-1963 жылдар арасында автокөліктің 1040 данасы 5 түрлі нұсқада жасалған.

Бүгінде саусақпен санарлықтай ғана түрі қалған бұл көлік түрі коллекционерлер үшін таптырмас олжа болды.

Орманнан табылған көлік толықтай өңдеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Алайда, мамандар оның бар болғанының өзі үлкен жетістік деген болжам жасауда.

Көптеген заттары жоғалған көлік қазіргі уақытта арнайы тұраққа жеткізілген. 18 қаңтар күні ескі де болса құнды көлік үшін талай көлік жинаушы қомақты баға ұсынары сөзсіз. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
Ұлттық құрама капитаны кәсіпқой боксқа ауысты
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
10 тамыз Абай күні болып бекітілді
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
БҰҰ: 50 жылдан кейін жануар мен өсімдіктің 1 млн түрі жойылып кетуі мүмкін
NASA SpaceX миссиясының суреттері
NASA SpaceX миссиясының суреттері
Daily Mail Джордж Флойдты тұтқындау кезінде түсірілген жаңа видео жариялады
Daily Mail Джордж Флойдты тұтқындау кезінде түсірілген жаңа видео жариялады
Коронавирустан айыққандарға пайдалы 5 кеңес
Коронавирустан айыққандарға пайдалы 5 кеңес