"Lexus-тың" жарық диодымен көмкерілген көліктері (видео)

"Lexus-тың" жарық диодымен көмкерілген көліктері (видео)
Фото: pulson.ru

"Lexus" компаниясы жыл сайын өзінің жаңа үлгідегі автокөліктерімен әлемді таңғалдыруды әдетке айналдыра бастаған сыңайлы. Озық үлгіде жасалған машиналары қазіргі күнде үлкен сұранысқа ие. Жақында ғана тағы бір жаңа жобаларын көпшілікке таныстырған "Lexus" компаниясының өкілдері, "IS" маркалы автокөліктеріне 42000 жарық диодын жапсырған. Аталған туынды шынымен-ақ көздің жауын алады. Тың дүниеге қатты қызығушылық танытып жатқандардың кейбіреуі құжатта көліктің түсі қандай деп жазылады екен деген көкейкесті ойларын да жарыса жазуда. 

Ғылым мен техниканың дамыған уақытында смартфондар мен компьютер құрылғыларынан ғана байқайтын ғажап жұмысытар, адамзат өміріне де бірте-бірте араласуда. Сонымен, "Lexus" су жаңа автокөлігіне назар салыңыздар. 

B. ZHAQSYMBET