Көлікті дереу тоқтатудың жаңа әдісі (видео)

Көлікті дереу тоқтатудың жаңа әдісі (видео)
Фото: car.foy

Құқық бұзып немесе қылмыс жасаған жандар жылдам сытылып кетуіне темір тұлпардың көмегі мол екені айтпаса да белгілі. Оқиға орнынан ізін суытып, қашып кетуге әрекет жасағандарды полиция қызметкерлерінің өзі әзер тоқтатып жатады. Кейде тіпті құқық қорғау қызметкерлерінен қашқан қылмыскерлер жылдамдықты шектен тыс асырып, түрлі апаттарға да ұшырайды. Осының барлығын ескеріп, жүйріктерге жылдам тұсау салатын құрылғы ойлап шығарылды. Полицей көлігінің алдында орналасқан арқандар, қылмыскер көлігінің артқы дөңгелегіне оратылып дереу тоқтата алады. Әзірге бұл қондырғы АҚШ елінде ғана қолданыста. Болашақта тиіміділігі артып жатса, әлемдік құқық қорғау орындары да қамтамасыз етілуі мүмкін.

B. ZHAQSYMBET