Лэнс Армстронг құрметіне жасалған велосипедтің құны

Лэнс Армстронг құрметіне жасалған велосипедтің құны
Фото: ta-psagmena.blogspot.com

Бүгінгі күнде қос дөңгелекті шайтан арбаның дәурені жүріп тұр десек те болады. Әлемдегі қала тұрғындарының көпшілігі кептелістен қашу жолында көліктің осы түрін таңдауға көшкен. Бұрын кеңестік кезеңде темір тұлпарға қолы жетпейтіндер пайдаланған велосипед қазіргі уақытта жол бойында көлік көптігінен көп сұранысқа ие. Сонымен қатар тұтынушылар саны артқан сайын сапалы әрі бағасы да шарықтап тұрған велосипедтер жетіп артылады.

Әлемдегі ең қымбат велосипед – Butterfly Trek Madone. Нәзік жандыларға арналған шайтан арбаның құны – 500 мың АҚШ доллары. Өзге велосипедтерден қандай айырмашылығы бар десеңіз, мұнда жүзге жуық тірі көбелектер пайдаланылған.

Дэмьен Херсттің ғажайып идеясы америкалық велошабандоз Лэнс Армстронгтың құрметіне арнап жасалған. Лэнс 2009 жылы Тур де Фрнас бәйгесіне өзіне арналған көлікпен қатысқан. Аталған велосипедтің шығуына жануарларды қорғау ұйымдары қарсылық білдірсе де, компания әлі күнге дейін сатылымына шектеу қоймаған екен.

B. ZHAQSYMBET