Танымал компаниялардың ең алғашқы автокөліктері

Танымал компаниялардың ең алғашқы автокөліктері
Фото: krabov.net

Автокөлік өндірісі ХХ ғасырда зор қарқынмен дамыды. Қазіргі танымал компаниялар да осы бір кезеңде алғашқы автокөліктерін құрастырып, әлем назарына ұсынды. Олай болса автокөлік өндірісінде үлкен беделге ие компаниялардың алғашқы автокөліктерімен таныс бола отырыңыздар.

«Honda T360» (1963 жыл)

Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңде құрылған компания алғашында көлік бөлшектерін, велосипед, мотоцикл шығарды. 1960 жылдан кейін барып қана автокөлік шығаруға ден қойды. Алғашқы шығарған автокөлігі «Honda T360» жүк таситын көлігі болды.

«Peugeot Type 1» (1889 жыл)

Peugeot компаниясы ең бірінші бу көмегімен жүретін трицикл шығарған. Алғаш рет Париждегі дүниежүзілік көрмеде жұртшылыққа таныстырған. Дегенмен компания қанша данасын шығарғаны белгісіз. Бүгінге дейін біреуі ғана сақталыпты.

«Ford Quadricycle» (1896 жыл)

Генри Форд алғашқы автокөлігін өзінің компаниясы құрылмай тұрып жасап шықты. Ол сатуға бар болғаны үш «Ford Quadricycle»-ін ғана шығарды. Кейіннен араға жылдар салып өзі шығарған квадрациклді сатып алып, компания мұражайына қойды.

«Toyota A1» (1935 жыл)

Жапондық компания жасаған алғашқы автокөліктің бірде-біреуі сақталмаған. Бар болғаны үшеу ғана шығарған. 1936 жылы «Toyota A1» автокөлігінің прототипі ретінде «Toyota AА» көлігін шығара бастады.

«BMW 3/15s» (1927 жыл)

Компания 1913 жылы «Rapp Motorenwerke» деген атаумен құрылды. 1927 жылға дейін ұшақ бөлшектерін шығарды. Осы жылы «BMW» «Fahrzeugfabrik Eisenach» компаниясын сатып алып, автокөлік өндірісіне бет бұрды.

«Renault Type A» (1898)

«Renault» компаниясының алғашқы автокөлігі 1898-1903 жылдар аралығында шығарылды. 290 данасы жасалған. Оның бүгінге дейін бірнешеуі ғана жеткен.

«Chevrolet Series C Classic Six» (1913)

«Chevrolet» компаниясы алғашқы автокөлігін 1913 жылы шығарды. 5000-ға жуық данасы сатылды. Бүгінге дейін екеуі ғана сақталған.

«Opel Patentmotorwagen System Lutzmann (1899)»

«Opel» компаниясының алғашқы көліктері 1899-1902 жылдар аралығында шықты. 13 жыл ішінде 65 данасын құрастырды. Бірақ үлкен сұранысқа ие болған жоқ. Нәтижесінде 1903 жылдан бастап «Opel 9 PS» жаңа нұсқасын шығара бастады.

«Hyundai Pony» (1975)

«Hyundai» компаниясы құрастырған автокөлік алғашқы оңтүстік кореялық өнім. Компания 1947 жылы құрылып, 1975 жылға дейін құрылыс және ауыр өнеркәсіппен айналысты.

Ө. Сансызбай