Озық технология озат болуға әкеледі (Видео)

Озық технология озат болуға әкеледі (Видео)
Фото: minpromtorg.gov.ru

Қоғамның алға қарай қарыштап дамуына озық үлгідегі техникалардың тигізер пайдасы орасан зор. Әр істі уақытында орындап, қиындықтың алдын алу әрекеттері қарастырылса кәсіптің көзі жылдам ашылады. Сонау сан ғасырды артқа тастап, жаһандану дәуіріне келсек те, ауыл шаруашылығы бұл қоғамнан бір елі қалған емес. Қайта қозғаушы күштері қайтадан жөңделіп, жұмыстың тиімді жағы көптеп қарастырылған.

Жер жырту, дәнді-дақылдарды мезгілінде жинау, көлшіктерді тазалау сынды бұрын-соңды үлкен күш пен көптеген техниканы жұмылдырудың арқасында ұзақ уақытта атқарылатын жұмыстар бүгінде ғалымдардың ғажайып техникаларының арқасында уақытты үнемдеп, тиімді жұмыс жасауға жол ашты. Шет елдің шаруашылығына кірісіп үлгерген заманауи ауылшаруашылық техникалары болашақта біздің елде де қызмет атқаратын болады. Өйткені  ол елімізге нағыз керек көлік. Заманға сай құралдармен жабдықталып, жұртшылықты таңғалдырған ауылшаруашылық тракторы, жүк тасымалдаушы көліктер мен көптеген озық техниканы назарларыңызға ұсынамыз. 

B. ZHAQSYMBET