«Icona Neo» – келешектің көлігі

«Icona Neo» – келешектің көлігі
Фото: krabov.net

Италияның танымал компанияларының бірі жақын уақытта ерекше электромобиль құрастырмақ. «Icona Neo» деген атауға ие болған көлік келешекте үлкен сұранысқа ие болады деп күтілуде.

Туриндік компания жаңа электромобиль мен бөлшектерін Қытайдың Шанхай қаласында жасап шығаруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ көліктің алғашқы сынағын да осы қалада өткізбек. Екі адамға арналған электромобиль келешекте ірі қалалардағы кептелісті де азайтуы мүмкін деп болжануда. Әзірге құрастырушылар көлікті көпшілікке ресми түрде таныстыру мен сатудың әлі уақыты келмегенін айтуда. 

О. Сансызбай