Ливия жағалауында жол талғамайтын көліктер жарысы өтті

Ливия жағалауында жол талғамайтын көліктер жарысы өтті
Фото: fresher.ru

Ливияның теңіз жағалауында жол талғамайтын көліктер арасында үлкен сайыс өтті.

Құмды жағада жаныға жарысқан 50 жүргізуші осы елдің 17 қаласынан барған. Жалпы, жарыстың бұл түрі араб елдерінде үлкен беделге ие. Бірақ бұл жолы ол алғаш рет билік өкілдерінің қатысуынсыз өтіп жатыр екен. Өйткені билік басында Муаммар Каддафи отырған кезде көлік жарысына тыйым салынған.

Президент тақтан тайған соң темір тұлпар сайысы 2013 жылы тәртіп сақшыларының қадағалауымен өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қызықты тартыс бір-бірімен қырғи қабақ болып жүрген халықтың назарын еріксіз аударып, көптің көңілін аулауға септігін тигізеді. 

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы