«Maserati Levante» жол талғамайтын көлігі 2016 жылы сатылымға шығады

«Maserati Levante» жол талғамайтын көлігі 2016 жылы сатылымға шығады
Фото: utoexpress.co.uk

«Fiat Chrysler» концерні (өндіріс компаниясы) жасаған «Maserati Levante» жол талғамайтын көлігі 2016 жылы сатылымға шығады. Концерннің  бас директоры Серджио Маркионе көліктің жасалуына 1 миллиард евро қаржы бөлген.  

«Maserati Levante» жол талғамайтын көлігінің нұсқасы 2011 жылы Франкфуртта «Kubang» деген атаумен таныстырылған болатын. Ал нарыққа шығатын уақытын 2015 жылға жоспарлаған еді. Алайда жол талғамайтын көлік концерн шешімімен 2016 жылдан бастап қана сатылымға шығатын болды. Компания қызметкерлері бірінші жылдың ішінде 20 000-нан астамы сатылады деп күтіп отыр. Ал нарықтағы бағасы 80 000 мен 150 000 АҚШ доллары арасында болады.

«Fiat Chrysler» концернінің бас инженері Харальд Вестер «Maserati Levante» жол талғамайтын көлігі «Jaguar», «Bentley» мен «Porsche Cayenne» секілді автокөліктерге бәсекелестік танытады деп жоспарлауда. Автокөліктің негізгі сауда орталықтары АҚШ пен Қытайда болмақ. Компания қызметкерлері «Maserati Levante» автокөлігі Еуропада да танымалдылыққа ие болады деп болжап отыр. 

Ө. Сансызбай