Үнді көліктері Еуропаны жаулап алмақ

Үнді көліктері Еуропаны жаулап алмақ

Үнді автоөндіруші компаниясы Mahindra Еуропалық автосүйер қауымның көңілінен шықпақ ниетте екен.

Аталған компанияның тапсырысы бойынша италияндық студенттер жасап шыққан 1:4 көлеміндегі көліктер Турин қаласында көрмеге қойылыпты. Концепт минивэн мен екі шағын кроссоверді ұсынады.

Mahindra компаниясының хабарлауы бойынша, көліктер еуропалық тұтынушылардың талғамына сәйкес болып, оларға арнайы бағытталған жоба болып отыр екен. Осы жолда автоөндірушілер еуропа автонарығына жолдама алуға ниетті екенін де жасырмады. Mahindra еуропаны, одан кейін ТМД елдеріне де тауарын өткізбек ниетте көрінеді.

Мәселен, 2005 жылы компания Marshal жол талғамайтын көлігін көршілес Ресей елінде сатпақ болған екен. Сынақ түрінде 100 көлік ресейлік автозауыттардың бірінде құрастырылыпты да. Десек те, бұл елде қызығушылық болмағандықтан жоба тоқтатылған.  

Өткен жылдың басында үнді компаниясының өкілі SsangYong компаниясының өнімдерімен бірге алдағы уақытта шығатынын мәлімдеген.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: autorambler.ru

А. Құлтай