Актерлік өнердегі роботтар

Актерлік өнердегі роботтар

Жапондық режисер әрі сценарист Орица Хирата бас кейіпкерлерін роботтар ойнайтын арнайы пьеса жазып, театр сахнасына шығарған. Роботтар, әрине, адамның емес, андройдтардың рөлім сомдайды.

Бір пьесасының сюжеті бойынша бас кейіпкер Хирата өзінің барлық жұмысын жасайтын роботты сатып алады. Ал кейіннен ол роботпен де қарым-қатынас құруға болатынын түсінеді екен. Ал басқа бір қойылымында Хирата робот-қызбен көп уақыт қарым-қатынас құрып, сөйлесе бастайды.

Ел ойламаған дүние жасап шығарған театр режисерін Осакс университетінің инженерлері де қолдап шығыпты. Дәл осы инженерлер актердің орнына алмасқан роботтарды жасап шыққан екен. Хиратаның айтуы бойынша, бұл жобаның мақсаты роботтар мен адамдардың парқы жоғала бастаған тұста өнер мен ғылымды біріктіру екен.

Театрдың роботтардан тұратын ұжымы Жапония бойынша гастрольдік сапарларға шығып жүргені де белгілі болды. Тіпті шетелге шыққан кездері де аз емес болып шықты. Ал қойылымға қатысып, көрермен болғандар бұл жобаның сәтсіз шыққанын айтып, көңіл көншітпей отыр.  

Роботтардың рөл сомдауы көңілге қонбайтын көрінеді. Ал осы уақытта жоба ұйымдастырушылары келешекте роботтардың іс-қимылдары мен түрлері адамға ұқсайтын болады деп сендіруде.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: like-news.ru

А. Құлтай