«Apple»-дің ескі нұсқалары сатылды

«Apple»-дің ескі нұсқалары сатылды

Әлемді өзгерткен үш-ақ алма бар. Әлемді өзгерткен үш-ақ алма бар.Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан осы бір сөз ғаламның ақиқатын әзіл де болса, астарлап жеткізілген сияқты. Аңызға сүйенсек бірінші алма – адам баласының жерге түсуіне себепкер болған дейді. Ал екінші алма - Альберт Ньютонның басына түскен алма. Бұл шынында да жер бетінің тартылыс заңын дәлелдеп, адамзат ғылымының басқа ағыммен дамуына үлес қосқан «Таңғажайып алма» деуге әбден болады. Үшінші алма – «Apple». Бұл техника ғылымдарының ең озық дәуіріне алып келген «алма» деп айтсақ артық болмас.

Apple компаниясың бүгінгі таңда бәсекелесі көп болғанымен, электронды техниканың ұшқан құстай дамуына түрткі болғанын ешкім теріске шығармас. Көптеген адамдар санасында ол ең сүйікті «қаһарман» іспетті.

Apple Newton – осы компанияның 90-жылдарында жарияланған алып жүруге ыңғайлы алақандай ғана компютер. 1998-жылдары бәсекелестікте жеңіліп, тарих сахнасынан біржола шегініп кетті. Apple Newton болсын, iPhone, iPad болсын бәрі де өз дәуірінде ең озық техника бола алмады.

Жақында Apple компаниясы өзінің заман ағымынан қалып қойған ескі нұсқадағы техникалық бұйымдарын бәсекелестіріп сатты. Apple Newton, eBay, PDA секілді ескі техникадағы бұйымдары 1350 доллар бағасында сатылды. Бұл баға әлдеқайда қымбат болып есептелсе де, Apple маркалы бұйымдарды жиып сақтуашылар үшін табылмас естелік болды. Бұл тұтынушылардың әлі де осы маркаға деген сүйіспеншілігін тағы бір рет әйгіледі. 

Дайындаған: Алшын МАТАЙ

Сурет: prostomac.com

Қ. Қауымбек