Әлемге танымал 5 хакер

Әлемге танымал 5 хакер
Фото: Depositphotos

Технологияға неғұрлым көбірек сенсек, соғұрлым әлеуетті хакерлер пайда болады. Олардың мақсаты адамзатқа көмектесу немесе зиян келтіру емес, әлемді өздері қалағандай өзгерте алу. Олар қылмыс жасаса қолға түсуі қиын және әрқашан тасада қалуды жөн көреді. Өздері туралы ақпаратты жапия етпейді, Сондай хакерлер тобының бір тобы – Anonymous 20 жылға уақыт болды есімдерін әшкерелемей жұмыс істеп келеді. Бірақ есімдері көпшілікке белгілі бірнеше хакер бар.

© alcatrazeast

Роберт Тэппэн Моррис

Компьютер алғаш ауқымды қолданыла бастағанда "құрттар" деп аталатын вирус әлемге танымал болған. Мұндай вирусты алғаш рет желіде Роберт Моррис шығарды.

1988 жылы 2 қарашада Корнелл университетінің аспиранты Моррис өзінің "құрт"  депе аталатын вирусын желіге шығарған кезде АҚШ-та 6000 компьютер істемей қалған. Ол өзін ақтап, интернеттің қаншалықты өскенін көргісі келетінін және бұл оқиға бақылаудан шығып кеткен эксперименттің нәтижесі екенін айтқан. Моррис ақыры айыппұл төлеп, үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттік қазына 10 050 доллар төледі.

Моррис кейін Гарвард университетінің профессоры болды және бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы көптеген әзірлемелердің авторы атанды. Бүгінде ол Массачусетс технологиялық институтында информатика профессоры.

© interfax

Адриан Ламо

Иә, кейде компаниялар өздерінің жүйелерінің әлсіз жақтарын тексеру үшін хакерлерді жалдайды, бірақ Адриан Ламониді ешкім жалдаған жоқ.

2003-2004 жылдары Ламо көңіл көтеру үшін бірнеше ірі компаниялардың жүйелеріне кіріп, қауіпсіздік жүйелеріндегі кемшіліктер туралы хабардар етті. Ламо шабуыл жасаған нысандардың арасында (ол өзін байланыс ақпараты сарапшыларының дерекқорына қосты) Microsoft, Yahoo және New York Times бар.

"Үйсіз хакер" ретінде белгілі Адриан желіге жиі интернет-кафелер мен қоғамдық кітапханалардан кіретін. Көпшілік оның атақ-даңққа ұмтылу үшін жұмыс істегеніне айтады. 2003 жылы Ламоның NY Times газетіне кіруі киберқылмыскерлерге қарсы адамдардың назарын аударды, олар оны тұтқындап, алты айға үй қамауына алу туралы үкім шығарды. Қазіргі уақытта Ламо – танымал оқытушы, тәуелсіз қауіпсіздік кеңесшісі ретінде жұмыс істейді.

© delfi

Кевин Поулсен (Dark Dante)

1980 жылдары тегін қоңырау шалу үшін телефон жүйелерін бұзу өте танымал болған кезде, Поулсен Лос-Анджелестегі KIIS радиостанциясында бірнеше телефон қоңырауларын қолданып бас жүлдені - Porsche 944 S2 көлігін және Гавайиге саяхатты ұтып алған.

Біраз уақыттан кейін хакер FBR деректер базасын бұзып, телефонмен сөйлесулерді тыңдау үшін құпия деректер базасына қол жеткізді, содан кейін ФБР оны іздеуге кірісті. Нәтижесінде Поулсен тұтқындалып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол түрмеде отырып Wired News басылымында жұмыс істеп, бостандыққа шыққасын оның бас редакторы қызметіне дейін көтерілді.

© toppress

Дмитрий Галушкевич

2007 жылы бүкіл Эстония кенеттен интернеттен ажыратылды. Осы кибертеррордан кейін көптеген адамдар компьютерлік жүйелерге қол жеткізді және оларды серверлерді жүктеу арқылы пайдалана бастады. Банкоматтар да жұмыс істемеді, веб-сайттар ашылмады, мемлекеттік жүйелерді жабуға тура келді.

Эстония шенеуніктеріне қылмыскерлерді табу үшін бірнеше апта тер төкті. Даудың себебі 20 жастағы этникалық орыс Дмитрий Галушкевич екені анықталды. Оның бұл тәртіпсіздікті жалғыз өзі немесе топ болып жасағанын анықтау мүмкін болмады. Галушкевичтің өзіне 17 500 крон (шамамен 500 доллар) көлемінде айыппұл салынды.

Джонатан Джеймс

Сөзсіз, АҚШ Қорғаныс министрлігі компьютерлік жүйесін ешбір данышпан бұза алмайтын және өте қорғалған компьютерлік жүйелер тізімінде құрметті орынға ие. Алайда америкалық хакер Джонатан Джеймс бұл жүйені бұзып, оның серверіне қол жеткізе алды. Ол кезде жасөспірім 15 жаста еді.

1999 жылы Джеймс NASA-ға шабуыл жасады, бүкіл желіні еркін шарлады, бірнеше файлдарды, соның ішінде Халықаралық орбиталық станцияның бастапқы кодын ұрлады. Оны ұстау үшін ауқымды операция басталып, көп ұзамай ұсталды. Келтірілген шығын 1,7 миллион долларға бағаланды.

Джеймс кәмелетке толмағандықтан алты айға бас бостандығынан айырылды, сонымен қатар оған компьютерді пайдалануға тиым салды.

Өкінішке қарай, Джеймс 2008 жылы 18 мамырда түсініксіз жағдайда қайтыс болды.

Т. Раушанұлы