Тарихта алғашқы смс хабарлама 107 мың еуроға сатылды

Тарихта алғашқы смс хабарлама 107 мың еуроға сатылды
Фото: EPA/Vostock-photo

Тарихтағы алғашқы мәтіндік хабарламаның цифрлық көшірмесі Париж маңындағы Нуи-сюр-Сен коммунасындағы аукционда 107 000 еуроға (121 000 доллар) сатылды. Бұл туралы Le Monde хабарлады.

1992 жылы Vodafone ұялы байланыс операторының желілері арқылы "Рождество мерекесімен" деген жазуы бар қысқа хабарлама жіберілді. Оны компания қызметкері Нил Папуорт компьютерден компания директоры Ричард Джарвистің ұялы телефонына жіберген.

Хабарламаның цифрлық көшірмесі экранда бірінші смс хабарламасы бар ұялы телефонды бейнелейтін фотосурет түрінде болады.

Аукционды Aguttes аукциондық үйі ұйымдастырды. Сатып алушының есімі аталмады. Ол sms-хабарламаның цифрлық көшірмесі – NFT-токеннің иесі атанды.

"30 жыл бұрын жіберілген бұл хабарлама мобильді технология тарихындағы бетбұрыс болды. 1999 жылы Vodafone арқылы бірінші SMS жіберілгеннен кейін 7 жылдан соң бірнеше желі арқылы мәтіндік хабарлама жіберу мүмкін болды. Бұл олардың қолданылуын жеделдетіп, танымал етті", - деді Vodafone бас директоры Ханнес Аметсрайтер.

SMS-ті сатқан Vodafone сатудан түскен қаржы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарына аударылатынын айтты.

А. Оралқызы