SpaceX Wi-Fi таратушы шағын спутниктерін орбитаға ұшырды

SpaceX Wi-Fi таратушы шағын спутниктерін орбитаға ұшырды
Фото: kod.ru

SpaceX компаниясы орбитаға 52 мини-спутнигін сәтті ұшырып, Starlink ғаламтор желісінің ауқымын кеңейтті.

Компания осыдан бір ай бұрын Канаварел ғарыш айлағынан 48 шағын спутникті орбитаға ұшырған еді.

Starlink жүйесінің мақсаты – жер шарына ғаламшардан жылдам ғаламтор желісін таратып, дүниежүзін түгелдей уай-файмен қамту. Жоба 2015 жылы жасалған. Алғашқы спутниктерін 2018 жылы орбитаға шығарды.

Шағын спутниктер орбита бойына орналасып, бір-бірімен байланыс жасайды. Салмағы – 260 келі. Күннен қуат алады. Төрт антеннасы бар. Бір қызығы спутниктер – ғарыштағы жұлдыздардың қозғалысымен ориентация ұстап, бағыт алады. Сондай-ақ, ғарышта шашылып жатқан қоқысқа соқтығысып қалмауы үшін автономды қозғалыс жүйесі орнатылған.

Спутниктер белгілі бір уақыттан кейін, міндетіп атқарып болған соң жерге оралады.

Қ. Слямбек