Ғалымдар жарықтың көмегімен ауадан отын өндіретін құрылғы ойлап тапты

Ғалымдар жарықтың көмегімен ауадан отын өндіретін құрылғы ойлап тапты
Фото: Alessandro Della Bella/ETH Zurich

Швейцария мен неміс ғалымдары күн сәулесінің көмегімен ауадан отын өндіретін құрылғы жасады.

Альдо Штайнфельд бастаған ғалымдар ауаны жинайтын, күн құрылғысы және газды сұйықтыққа айналдыратын үш блокты жүйені құрастырды.

Ауадағы су мен көмірқышқыл газы реакторға түседі, онда жарық әсерінен көміртегі тотығы мен сутегіге айналады. Содан кейін қоспаны парафинге немесе метанолға айналдырады.

Құрылғы әртүрлі ауа-райында жұмыс істей алады. Ол жеті сағатта 32 миллилитр метанол шығара алады.

Зерттеушілер жаңа технологияның болашағы алда деп санайды.

Т. Раушанұлы