1 қарашадан бастап WhatsApp қандай смартфондарда жұмысын тоқтатады?

1 қарашадан бастап WhatsApp қандай смартфондарда жұмысын тоқтатады?

Танымал Facebook мессенджері WhatsApp көптеген ескі смартфондарда жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Metro басылымы хабарлады.

Мессенджер 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап бүкіл әлем бойынша ескі телефондарда жұмысын тоқтатады. Жалпы бұл Android операциялық жүйесі 4.1 нұсқасынан төмен және iOS 10 нұсқасынан төмен 43 смартфон үлгісіне әсер етеді.

Осылайша, мессенджер 2011 жылғы iPhone 4S, Samsung Galaxy Trend Lite, Sony Xperia Miro, Huawei Ascend G740, Alcatel One Touch Evo 7 және басқа да көптеген смартфондарда жұмысын тоқтатады.

Өзгерістер қолданбаның жұмысын бірден тоқтатады дегенді білдірмейтіні, бірақ бұдан былай жаңартуларды жүктеп алу мүмкін болмайтыны атап өтілген. Бұл ақауларға әкелуі мүмкін.

Бұған дейін WhatsApp мессенджерінде көптен күткен функция – дауыстық хабарламаны мәтінге көшіру жақын арада пайда болатыны туралы хабарланған болатын.

Т. Раушанұлы