Калифорния инженерлері жаяу жүретін және ұша алатын екі аяқты робот құрастырды

Калифорния инженерлері жаяу жүретін және ұша алатын екі аяқты робот құрастырды

"Леонардо" деп аталатаны роботтың басқалардан айырмашылығы – бұл техника дрондар немесе жердегі роботтар істей алмайтын қиын тапсырмаларды орындауға арналған.

Роботтың салмағы – 2,58 кг, бойы – 75 см. Оның қалақтары мен аяғы бар. Ол осы аяқтарымен секіріп, жерден ұшып кетеді. Батарея мен датчиктер роботтың корпусында орналасқан. Сондықтан толығымен автономды және сымсыз. Роботты жасаушыларға Astro Boy анимесіндегі ойдан шығарылатын гуманоид пен Ричард Браунның "ұшатын костюмі" шабыт берген.

Сынақ кезінде дрон-робот күрделі кедергілерден өтіп, тепе-теңдігі тексерілді. Мысалы, ол скейтбордпен және арқанмен жүре алды. Роботты жасаған мамандар оны күрделі тапсырмаларды орындауға үйреткісі келеді. Кейін оны зақымдалған нысандарды тексеру немесе жөндеу, қол жетуге қиын жерлерге қондырғылар орнату, табиғи апаттар мен өндірістік апаттар кезінде көмек көрсету сияқты жұмыстарға пайдаланады.

Олар сондай-ақ, болашақта бұл роботты басқа планеталарға шағын құрылғыларды жеткізу үшін қолдануға болады деп есептейді.

Т. Раушанұлы