Microsoft құпиясөз қою мүмкіндігін алып тастады

Microsoft құпиясөз қою мүмкіндігін алып тастады

Microsoft компаниясы қолданушыларының онлайн-сервиске кіруін жеңілдетті. Атап айтқанда, сервиске кірерде құпиясөз теруді алып тастады.

Оның орнына қолданушының телефон нөміріне SMS-код немесе электронды поштасында код жіберіледі. Мұндай қызметті компания 15 қыркүйектен бастап іске қосты.

Мамандардың айтуынша, құпиясөзді алып тастаудың тиімді жағы жетерлік. Қолданушылардың көбі оңай құпиясөз қоятын көрінеді. Кейбірі өте ауыр құпиясөз жазып тастайды. Ал бұлар хакерлік шабуылға оңай олжа.

Компания инженерлерінің айтуынша, хакерлік шабуыл жасалған аккаундтардың 99,9 пайызы мультифакторлы аутентификация тәсілін қолдана алмаған екен.

"Қазір хакерлік шабуылдар көбейді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ең тиімді жол – аудентификацияны қолдануға мәжбүрміз", - дейді компанияның қауіпсіздік жөніндегі вице-президенті Васу Джаккал.

Сервиске кірудің жаңа жолын пайдалану үшін енді қолданушылар Microsoft Authenticator қосымшасын жүктеп алуы тиіс. Оның баптауын жөндеп, Microsoft-тың есеп жазбасына тіркейсіз.