Ғалымдар кариестен қорғайтын стоматологиялық имплантат ойлап тапты

Ғалымдар кариестен қорғайтын стоматологиялық имплантат ойлап тапты

Пенсильвания университетінің америкалық ғалымдары ауыз қуысын инфекциядан қорғайтын стоматологиялық имплантат ойлап тапты.

Имплантат тіс пен қызыл иекті фотодизинфекциялауға мүмкіндік беретін, бактериялардың көбеюін тежейтін екі негізгі инновацияндаг тұрады. Олардың бірі – құрамында бактериялық колонизацияға қарсы тұратын нанобөлшектері бар материал. Ал екіншісі –тісті шайнау немесе тазалау кезінде табиғи қозғалыстармен зарядталған фотодизинфекцияға арналған кіріктірілген жарық көзі.

"Біз ауыз қуысының қозғалысынан электр энергиясын өндіретін пьезоэлектрлік материалды енгіздік. Жасалған ток бактерицидтік әсер ететін және қызыл иек тінін бактериялық ластанудан сәтті қорғайтын жарық көзін береді", - дейді инновацияны жасаушылардың бірі.

Сынақ кезінде ғалымдар пьезоэлектрлік материал берік және ұзақ жылдарға созылатынына сенімді болды, ал ол шығаратын ток қызылиекке зиян келтірмейді.

Т. Раушанұлы