Facebook алғашқы "ақылды" көзілдірігін сатуға шығарды

Facebook алғашқы "ақылды" көзілдірігін сатуға шығарды

Facebook көзілдірік компаниясы Ray-Ban-мен бірігіп алғашқы "ақылды" көзілдірік – Stories-ті  сатуға шығарды. Оның бағасы – 299 доллар. Бұл туралы желінің ресми сайты хабарлады.

Ray-Ban Stories көзілдірігі АҚШ, Ұлыбритания, Италия, Австралия, Ирландия мен Канадада 9 қыркүйекте сатыла бастады. Басқа елдердің нарығына қашан шығатыны әзірге белгісіз.

Көзілдірік фланецке орнатылған екі 5 МП камерамен жабдықталған. Камералар 30 секундқа дейін созылатын сурет немесе бейне түсіргенде, басқаларға ескерту үшін жарық диоды жанады. Көзілдірік музыка тыңдауға және дауыстық қоңыраулар жасауға мүмкіндік беретін шағын динамиктермен және микрофондармен жабдықталған.

Құрылғының техникалық сипаттамалары айтылған жоқ, бірақ оның Snapdragon процессорымен жабдықталғаны белгілі.

Ray-Ban Stories-те суретке түсіретін түймеден бөлек, Facebook Assistant дауыстық командасы бар. Құрылғы арқылы түсірілген фотосурет және бейнелермен жұмыс істеу үшін Android және iOS операциялық жүйелері бар смартфондарда Facebook View қосымшасы қажет.

Ақылды көзілдірік әртүрлі линза және фланецтермен бірге 20 түрлі нұсқада шығарылатыны хабарланды.

Т. Раушанұлы