Қазақстанға келді: HUAWEI жаңа құлаққапты сатылымға шығарды

Қазақстанға келді: HUAWEI жаңа құлаққапты сатылымға шығарды

Қазақстанда HUAWEI FreeBuds 4 Bluetooth-құлаққабы сатылымға шықты. ANC 2.0 ашық типті жаңа сымсыз құлаққап алдыңғы нұсқаға қарағанда әлдеқайда жеңіл әрі ыңғайлы. Сатылымның басталуына орай HUAWEI компаниясы 6-15 тамыз аралығында 69 990 теңге арнайы баға ұсынады. Сондай-ақ, Huawei Freebuds 4 құлаққабына сыйлық ретінде Yandex Plus қосымшасына бір жылдық тегін жазылым беріледі.

"Біз жаңа HUAWEI FreeBuds 4 сымсыз құлаққабын қуана ұсынамыз. Жаңа құлаққаптың Open-fit ANC 2.0 меншікті шуды басу технологиясының аппараттық және бағдарламалық деңгейлері жаңартылды. Бұл технология ашық құлаққап үшін арнайы жасалған, ол жоғары сапалы дыбыс пен смартфондар мен басқа құрылғыларға жылдам қосылуды қамтамасыз етеді. Екі микрофонның арқасында жүйе қоршаған шуды жоғары дәлдікпен қабылдайды және шуды болдырмауға мүмкіндік береді. HUAWEI FreeBuds 4 түрлі жағдайларда шуды болдырмайтын өнімділікті жақсартуға арналған құлақты сәйкестендірудің Adaptive Ear Matching (AEM) технологиясын ұсынады. Шуды болдырмайтын өнімділікті жақсартуға арналған Adaptive Ear Matching (AEM) технологиясын ұсынады. Шуды болдырмайтын жүйе қосылып тұрғанда құлаққап құлақ қуысы формасын автоматты түрде анықтайды және пайдаланушыға қоршаған ортаға қарамастан барынша қолайлылықты қамтамасыз ету үшін параметрлердің оңтайлы тіркесімін таңдайды", - деді Қазақстан мен Орталық Азиядағы Huawei Device директоры Фан Джинйонг.

Жаңа HUAWEI FreeBuds 4 сұйық кристалды полимерлі (LCP) композициялық мембрананы қолданады. Ол жоғары сапалы және ажыратымдылығы жоғары дыбыс үшін 40 кГц дейінгі жиілікті қайта жаңғыртуға қабілетті. Сонымен қатар, HUAWEI FreeBuds 4 қуатты басс үшін 14,3 мм динамикалық динамикпен жабдықталған. Төмен жиіліктегі репродукция жаңартылған төмен жиілікті модульмен, бас түтігімен және тақтамен жақсартылды, олар тәуелсіз тығыздалған дыбыстық қуысты құрайды. FreeBuds 3-пен салыстырғанда, жаңа модель герметикалықты жақсартып, акустикалық қысымды жоғарылатқан. Бас түтігінің көлемі 15% ұлғайтылған, бұл мембрана резонансын күшейтеді.

Салмағы 4.1г құрайтын әрбір құлаққап күні бойы ыңғайлы пайдалануды қамтамасыз етеді. 21,2 мм жіңішке және 38 г салмақта HUAWEI FreeBuds 4 қуаттаушы корпусы алдыңғы модельге қарағанда 6,3% ықшам және 20,8% жеңіл [1]. Құлаққап құтысында лаконикалық симметриялы дөңгелектелген бөлім бар.

HUAWEI FreeBuds 4 қосылудың бірнеше жаңа нұсқаларын ұсынады. Соның ішінде қашықтан немесе бұлтты қосылу және кез келген амалдық жүйемен жұмыс жасайтын екі құрылғыны жұптастыру [2]. Бұл ұялы құрылғыдан жіберілген қоңырау мен хабарламаны өшіріп тастап, сүйікті музыкаңызды немесе шоу бағдарламаңызды тамашалауға мүмкіндік береді. Сонымен, қоңырау түскен кезде музыка немесе бейне кідіртіліп, құлаққаптар сөйлесуге ауысады. HUAWEI AI Life экожүйесінің бөлігі болып табылатын Audio Connection Center мүмкіндігі жақында қосылған 10 құрылғыны есте сақтайды және олардың арасында құлаққапты қарапайым түртіп ауыстыруға мүмкіндік береді.

Шуды болдырмайтын жүйе өшірілгенде, HUAWEI FreeBuds 4 музыканы төрт сағат бойы ойнай алады, ал қуатталған қорап батареяның қызмет ету мерзімін 22 сағатқа дейін ұзартады. Жетілдірілген жылдам қуаттау технологиясы құрылғыны небәрі 15 минут ішінде 2,5 сағат аудио ойнатуға қуаттауға мүмкіндік береді.

Бағасы мен қолжетімділігі

HUAWEI FreeBuds 4 сымсыз құлаққаптарының сатылымы 6 тамызда бөлшек сауда бағасымен 79 990 теңгеде ұсынылады. Құлаққаптар ақ және күміс түсте HUAWEI ресми және серіктес дүкендерде қолжетімді болады.

HUAWEI Consumer Business Group туралы:

HUAWEI өнімдері мен қызметтері 170-тен астам елде қолжетімді, ғаламшардың үштен бір халқы пайдаланады. Компания АҚШ, Германия, Швеция, Ресей, Үндістан және Қытай сияқты мемлекеттерде 14 ғылыми-зерттеу орталығын ашты. HUAWEI Consumer BG — смартфондарды, ноутбуктар мен планшеттерді, тасымалдайтын электрониканы, мобильді кеңжолақты кіру құрылғыларын, үйге арналған шешімдерді, сондай-ақ бұлттағы сервистерді әзірлеумен және өндірумен айналысатын HUAWEI компаниясының үш бизнес бөлімшелерінің бірі болып табылады. 

HUAWEI ғаламдық желісінің артықшылықтары, дүние жүзіндегі операциялық қызметтерінің көлемі және дамыған серіктестік желісі телекоммуникация саласындағы 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесінің негізінде құрылған.

[1] Huawei зертханаларынан алынған мәліметтер. Құрылғы салмағы конфигурацияға байланысты өзгеруі мүмкін.
[2] Смартфондар мен планшеттерде жұптастыру функциясы тек EMUI 10. немесе одан кейінгі нұсқасы бар Huawei құрылғыларында қолжетімді. Ноутбуктер үшін бұл функция тек HUAWEI MateBook 16-да PC Manager 11.0.9 немесе одан кейінгі нұсқасында қолжетімді.

Қ. Слямбек