Windows 11-ді қалай тегін орнатуға болады?

Microsoft-тің жаңа операциялық жүйесін орнатқан қолданушыларға жаңа Windows 11-ді жүктеу тегін. Бұл жайлы XDA Developers басылымы жазды.

Microsoft жасап шыққан операциялық жүйенің жаңа версиясын тегін жүктеу оңай. Ол үшін қолданушылар Windows 10, 8.1 немесе 7-ші версияларының жаңартылған нұсқасын жүктеуі тиіс. Бірақ Windows 8-дің базалық версиясын жүктегендер жаңа 11-ді ала алмайды. Сондықтан жоғарыда айтылған версияның бірін жүктеп, жаңартуын да қоса жүктеп алғаны жөн.

Windows 11-дің түр-түсі мен функциялары қандай болады дегенге келсек, сарапшылардың көбі жаңа нұсқаның 10-шы версиядан айырмашылығы жоғын айтады. Microsoft жаңа версияға қосқан функцияларды бұрынғы жаңартуларына да қосқан.

Windows-тің жаңа версиясын 24 маусым күні таныстырады.