Әлемді өзгертетін болашақ технологиялар

Әлемді өзгертетін болашақ технологиялар

Әлем уақыт өткен сайын өзгеріп, күн сайын жаңа өнертабыстар ойлап табылып жатыр. Осы жетістіктер болмаса, біз бүгінгідей дамымаған болар едік. Массагет порталы болашақта кең танымал болады деп болжанған кейбір болашақ технологияларды ұсынады.

Болашақта танымал болатын 10 технология

3D - принтер

Бұл технология бірнеше жыл бұрын пайда болғанына қарамастан, 3D принтер үнемі дамып келеді. Технология арзандап, кең тараған сайын, 3D принтер аудиторияның ажырамас бөлігіне айналды. Мамандар хирургиялық ота кезінде донорлық орган ретінде қолданыла алатын дененің өмірлік маңызды бөліктерін 3D принтерде басып шығару бойынша зерттеулер жүргізіп келеді. Зерттеу аяқталғаннан кейін адамдар донор кезегінде тұрамын деп уайымдамайды. Мысалы былтыр алғаш рет 3D принтер арқылы жүрек басып шығарылды.

Алғаш рет 3D-принтер көмегімен кішкентай тірі жүрек басып шығарылды

Сонымен қатар адамдар жақын арада өз үйін, велосипедін, тіпті көлігін басып шығара алады. Ал биыл алғашқы адам 3D принтер арқылы басып шығарылған үйді сатып алды.

3D принтерде басылған үй алғашқы иесіне тапсырылды

Hyperloop вакуум пойызы

Мұндай технологияны құру идеясы Илон Масктың бұл арманды шындыққа айналдыруға бел буғанға дейін бірнеше онжылдықтар бойы инженерлер ойында болды.

"Hyperloop" – бағытының басы мен соңын ұстап тұратын паралель трубадан құралған жер үсті жолаушы пойызы. Труба ішінде ұзындығы 25-30 метрлі капсула сағатына 480-1220 километр/жылдамдықпен қозғалып отырады. Жобадағы капсулалар аралығы бар-жоғы 30 секундтық қашықтыққа ие.

Нидерланды Еуропаның бес қаласын Hyperloop желісі арқылы байланыстырады

Hyperloop мамандары бұл жүйенің қазіргі кезде қолданылатын кез келген көлік жүйесінен гөрі тиімді және арзан болатынын айтады.

Өздігінен басқарылатын машиналар

Әлемдегі ең пайдалы технология. Миллиондаған адамдар автомобиль апаттарынан қаза табады, бұның барлығы адам факторына байланысты, әсіресе мас күйінде көлік жүргізу, шаршау, абайсыздық және жауапсыздық жыл сайын мыңдаған адам өмірін жалмайды. Жүргізушісі жоқ машиналар осының бәрінен арылуға мүмкіндік береді.

Нанотехнология

Суды зиянды заттардан тазартудан бастап адам ағзасын талдауға дейін – нанотехнологиялар жақын болашақта біз елестете алмайтын әлемді уәде етеді.

Көлемі бірнеше нанометр болатын бөлшектер машиналары жақын арада адамның ДНҚ-сын зерттей бастайды және денелердің бастапқы құрамын өзгертуге мүмкіндік береді.

«Наноөмірге» дайынсыз ба?

Нанотехнология арқылы біз Альцгеймер, қатерлі ісік, ЖИТС және басқа ауруларды емдейміз.

Уақыт өте келе адамзат нанотехнологиясыз өткенге тас дәуіріндегідей қарайтын болады, бірақ әзірге тек осы технологияның бізге не бере алатыны туралы тек болжамдар жасап, армандай аламыз.

Бионика - физикалық және психикалық жетілу технологиясы

Бионика адам бетінің құрылымын өзгертеді. Технологияға жақындаған сайын, мүмкіндігіміз бірнеше еселенетін уақытқа жақындай түсеміз.

Бионика (грек. bіn — тіршілік элементі, сөзбе-сөз мағынасы — өмір сүруші) — тірі организмдердің құрылымы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшелігін зерттеу негізінде техникалық құрал-жабдықтардың жаңа түрлерін жасау және оларды жетілдіру әдістері туралы ғылым.

Көз жарығын бірнеше рет күшейте алатын линзалар, зағип адамдарға көру мүмкіндігін береді. Адам күші 10 есе артып, жоғары секіру, жылдам жүгіру, көп жүкті көтеру, тіпті  электронды құрылғыларды басқаруға болады. Қысқаша айтқанда, адам мен машина арасындағы шекара жоғалады. Жаңа мүмкіндіктердің арқасында өзімізге белгісіз жаңа эмоцияларды бастан кешеміз. Біз түсті "ести" аламыз, электронды өрістерді "сезе" аламыз немесе Матрицадағы сияқты миға жаңа ақпаратты жүктей аламыз.

Жасанды ет

Жасанды етті өсіру технологиясы қарқынды дамып келеді. Дәмі мен энергиясы бойынша зертханада өсірілген үлгілер табиғи өнімге теңесті.

Жасанды еттен дайындалған бургер: айырмашылығы, құрамы, бағасы

Бұл өсіру әдісі зиянды емес және қоршаған ортаға тиімді. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтері бойынша, ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлем халқының саны 10 миллиардқа жетеді, ал етке деген сұраныстың төмендеуі екіталай.

Роботтар мен дрондар

Робототехниканың дамуы адам өміріне көп жеңілдік әкелді. Қазіргі кездегі дрондардың танымалдығы – бұл тек бастамасы. Көп ұзамай нарықта ақылды әрі пайдалы машиналар пайда болады.

Олар адамдарға көмектеседі, әңгіме-дүкен құрады немесе белгілі бір жерлерде адамдарды ауыстыра алады (даяшы, бармен, шаштараз). Бір нәрсе анық: робототехниканың дамуы тоқтамайды. Көп ұзамай, теледидар, компьютер, кір жуғыш машиналар және микротолқынды пештер сияқты робот-ассистенттер планетаның барлық дерлік отбасыларының ажырамас бөлігіне айналады.

Көп қабатты шаруа қожалықтары

2050 жылға қарай ғаламшар тұрғындарының 80 пайызы қалалық орталықтарда өмір сүреді, сондықтан көптеген мемлекеттер үшін негізгі проблема азық-түлік өндірісі проблемасын шешу болады. Көп қабатты шаруашылықтар қазір көптеген арал аймақтары мәселесінің шешімі.

Бұл азық-түлік жүйесін қолдану, бос жер мәселесін шешуде, әсіресе, бүкіл әлемде жер жылдан-жылға қымбаттап жатқанын ескерсек өте тиімді шешім. Сонымен қатар, мұндай шаруашылықтардың құрылыс жүйесі суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Мұндай шаруа қожалықтары шынымен де таза және жаңа өнімді өсіру мәселесінің таза әрі үнемді шешімі болып табылады.

Жасанды интеллект

Бірнеше жылдан бері бұқаралық ақпарат құралдары бізбен сөйлесе алатын, біздің бұйрықтарымыз бен эмоцияларымызды, тіпті әзілдерімізді түсінетін кибер серіктеске уәде беріп келеді. Соның бірі GPT-3 жасанды санасы. OpenAI өнімі GPT-3 деп аталатын жасанды интеллект технологиясы тек мәтінді аударып қана қоймай, әңгіме, өлең жазып, тіпті қиын сұрақтарға да жауап бере алады.

Ол болашақта көптеген салада, соның ішінде бағдарлама технологиясы мен дизайнда қолданылады. Қазіргі уақытта GPT-3 шектеулі салада ғана қолданысқа енгізілген.

GPT-3 – Құдайға сенетін жасанды интеллект

Инженерлер күндіз-түні адамның сезімі мен ымын түсінетін бағдарлама бойынша тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Жетілдірілген технологияның арқасында бет құрылымын анықтау технологиясының кейбір SI қосымшалары біздің ашуланған немесе қуанған кезімізді түсіну қабілетіне ие. Олардың кейбіреулері тіпті "көргендерін" сипаттауға қабілетті.

Митио Каку: "Жақын болашақтағы ең негізгі технология – жасанды сана"

Мұның бәрі қоршаған ортаны зерттеуге және тәжірибелерімен бөлісуге қабілетті роботтар жасаудың алғашқы қадамдары. Дәл осы мақсатты ескере отырып, сарапшылар бір күні жетілген және ой-өрісі кең машиналар адам өмірінің ажырамас бөлігі болады дейді.

Бонус: 1000 жыл өмір

Кембридж геронтологы Обри де Грейдің айтуынша, егер технология осылай дами берсе, жақын болашақта 1000 жасқа дейін өмір сүре алатын адамдар пайда болады.

Зерттеуші бөліну қабілетін жоғалтқан жасушаларды бұзатын және оның орнына сау жасушалардың көбеюіне және қалпына келуіне мүмкіндік беретін терапиямен айналысуда. Терапия 60 жастағы адамға 90 жасқа келгенше 30 жаста қалуға мүмкіндік береді. Процесс 120 немесе 150 жыл ішінде және одан кейін қайталануы мүмкін.

Грей мырзаның айтуынша, бұл әдісті жақын болашақта жүзеге асыруға болады.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді