Маскқа Түркістанда Tesla зауытын салу ұсынылды

Маскқа Түркістанда Tesla зауытын салу ұсынылды

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Twitter-де Tesla құрылтайшысы Илон Маскқа  Түркістанда Tesla зауытын салуды ұсынды.

"Зауыт Қазақстанда, Түркістан қаласында, Байқоңыр ғарыш айлағына жақын жерде болуы керек. Бізде периодтық жүйенің барлық элементтері бар және Жібек жолы аймағында орналасқанбыз. Бізде экономикалық аймақ үшін инфроқұрылымның барлығы бар. Түркістан Теслаға өте қолайлы. Марсқа бірге барайық! Құрметпен, мэр Рашид Аюпов", - деп жазды әкім.

21 мамырда ресейлік "Жаңа білім" марафонында сөз сөйлеген Илон Маск Tesla-ның Қазақстан, Ресей және басқа да ТМД елдерінде ресми түрде пайда ашылатынын мәлімдеді.  Ол сонымен қатар Tesla Ресейді электромобиль шығаратын зауыттар үшін ықтимал аймақ ретінде қарастырып жатқанын айтты.

Менің ойымша, жақын арада Ресейде ашылады. Бұл керемет оқиға болар еді. Біз, сонымен қатар, Қазақстанда және басқа ТМД елдерінде де ресми түрде Tesla-ны ашу туралы ойланымуыз керек", - деді Маск "Новое знание" бейне байланыс марафонында.

Бұған дейін Tesla Алматыда сервистік орталық ашуы мүмкін екенін хабарланған болатын. Компанияның ресми сайтындағы картаға қарағанда, сервис орталығы Байтұрсынов көшесі мен Абай даңғылының қиылысында орналасады.

2019 жылы Илон Маск Қазақстанда қызмет көрсететін орталықтар мен электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын ашуға уәде берген болатын.

Т. Раушанұлы