Интернетті ойлап табу қалай басталды?

Интернетті ойлап табу қалай басталды?
Фото: habr.com

Қазір өмірімізді электрон поштасыз, мессенджерлерсіз, түрлі әлеуметтік желісіз және смартфон арқылы әлемнің кез келген нүктесіне бейне қоңырау шалу жоқ екенін елестету қиын. Ал келесі ұрпақ өмірін ғаламторсыз елестете алмайды. Бірақ бір ғасыр бұрын бұл фантаст жазушылардың  кітаптағы қияли жазбасы сияқты көрінетін. Жалпы интернетті ойлап табу қалай басталған еді?

1969 жылы 29 қазанда сағат 21:00-де Стэнфорд ғалымы Билл Дювалль және оның Калифорния университетіндегі әріптесі Чарли Клейнмен бірігіп әлемдегі алғашқы қашықтағы байланыс сеансын бір жарым сағат ішінде орнатты, осылайша LO-LOGON (кіру) желілік командаға айналды.

Чарли Клайн мен Билл Дювалль

1971 жылы электрон пошта хабарларын жіберудің алғашқы бағдарламасы пайда болды, бұл компьютерде хат алмасуға мүмкіндік берді. Бір хат жіберу құны 50 центті құрады.

1973 жылы мұхит түбінен тартылған кабель АҚШ-ты Норвегия және Ұлыбританиямен байланыстырды. Интернеттің дамуына желілік хаттамалардың сәйкес келмеуі ғана кедергі келтірді, өйткені әртүрлі елдегі компьютерлер түрлі хаттамалар негізінде жұмыс істейтін. 1983 жылға қарай бұл мәселе жалпы TCP / IP хаттамасына ауысу арқылы шешілді, ал 1984 жылы DNS домен желісі пайда болды.

1988 жылдан бастап желі арқылы нақты уақыт режимінде байланысу мүмкіндігі туды – алғашқы чат сұқбаттар басталды. Айтпақшы, технологияның дамығанына қарамастан, ол әлі де өз позициясында және ешқандай мессенджер мен әлеуметтік желілерден қалыспайды. Іздеу жүйесіне "чат" сөзін теріңіз, сонда жүйенің әлі жұмыс істеп тұрғанын көресіз.

Ақыры 1989 жылы ұлыбританиялық талантты өнертапқыш Тим Бернерс-Ли Еуропа Дүниежүзілік Интернет желісінің ядролық зерттеулерді дамыту жөніндегі кеңесіне әр желі адресінің алдына WWW (World Wide Web) қысқарған сөзін қоюды ұсынды.

Бүгінде интернет әлемнің кез келген нүктесінен бастап Халықаралық ғарыш станциясына дейін барлық жерде бар. Ғарышкерлер үйіне Skype арқылы қоңырау шалып, адамдар интернет желісі бар кез келген мекеннен тікелей эфирге шыға алады.

Бұл ғажап емес пе?

Т. Раушанұлы