Twitter басшысы алғашқы твитін $ 2,9 миллионға сатты

Valuables бәссаудасында Твиттер негізін қалаушыларының бірі Джек Дорсидің алғашқы, яғни, 2006 жылдың 21 наурызы күні қалдырған жазбасы сатылды.

Твиттің жаңа иесі төлемді NFT-токенмен (блокчейндегі жазба оның жеке идентификаторы қызметін атқарады) өтеді. Лот $ 2,9 миллионға бағаланды.

Дорси хабарламасының цифрлы нұсқасын Bridge Oracle аталатын малайзиялық стартаптың бас директоры Син Эстави есімді азамат алған.

Джек түскен ақшаны GiveDirectly қайырымдылық қорына аударатынын айтқан. Қор Шығыс Африка елдеріне көмектеседі.