Жарнама Samsung жаңа Galaxy A52 және A72 смартфонын ұсынады

Samsung жаңа Galaxy A52 және A72 смартфонын ұсынады

Samsung Electronics компаниясы камерасы барынша тұнық, судан қорғайтын және ұзақ уақытқа жететін аккумуляторы бар жаңа Galaxy A52 және A72 смартфонын ұсынады.

Samsung ұсынған жаңа өнім жұмсақ түсті минималистік дизайнда жасалған. Артқы бөлігі күңгірт қалыпта әрленген.

Төрт модульды жаңа камерасы және негізгі обьективі 64 МП смартфон тұнық фото және видеосымен өз иесін қуантары анық. 4К видеодағы үздік сәтті тұнықтығы 8 МП болатын суретке айналдыра алады. Жасанды интеллект технологиясы сурет пен артқы  фонның 30 түрін автоматты түрде ұсынады, оның ішінде тамақ, пейзаж және үй жануары нұсқалары бар, сондай-ақ оптикалық тұрақтандыру функциясы билеп тұрғанда немесе скейтбордта түрлі трюк жасағанда сурет пен видеоның тұнық шығуына сеп болады. Тіпті  түнде түсіргеннің өзінде көпкадрлы өңдеу жүйесінің көмегімен сапалы шығады.

90 Гц жиіліктегі дисплейдің нәтижесінде айналдыру жатық бола түскен, ал Samsung Super AMOLED экранында әлеуметтік желілердегі видео мен контенттерді тіпті көшеде анық көруге болады, өйткені дисплейдің жарық өлшемі 800 nt-ке дейін көтерілген. Смартфондардың дисплейі Eye Care сертификатын алған және көруге ыңғайлы болу үшін түс температурасын автоматты түрде реттейді.

Galaxy A жаңа сериясындағы смартфондар барлық функциямен жабдықталған, нағыз тіс қаққан қолданушыларға арналған. Galaxy A52 және A72 су мен шаңға төзімді IP67 стандарты бойынша жасалған. Ал аккумулятор қуаты екі күнге жетеді. А52 смартфонында 4500 мА сағатына болса, А72-де 5000-ға тең.

Жаңа смартфондар дыбысы ерекше Dolby Atmos стереодинамигімен жабдықталған және жадты 1 ТБ-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.  Одан бөлек жаңартылған One UI 3 интерфейсі смартфон жылдамдығын арттырған және артық детальдары алынып тасталған.

Ақыры күткен жаңа мобильді операциялық жүйе А сериясының жаңа смартфондарында қолжетімді болады. Galaxy A52 және A72 бағдарламаларының жаңартылуы кейінгі үш буынға дейін және кем дегенде 4 жыл бойы тұрақты қауіпсіздік жаңартуларын қолдайды.

Әрине, жаңа Galaxy A52 және A72 смартфондары Google қосымшалары мен қызметтерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл тек Play Market-тен лицензияланған Google қосымшалары мен контентіне қол жеткізуді ғана емес, сонымен қатар оңай "бұлтты" синхрондау мен деректердің қауіпсіз сақтық көшірмесін жасауды да қамтиды.

Қазақстанда Galaxy A52 және А72 смартфондарының сатылымы өзге елдердегідей дәл 18 наурыз күні басталады.

Н. Үсенова