Arrow – дыбыстан да жылдам ұшатын әлемдегі алғашқы дрон

Сингапурдың Kelley Aerospace компаниясы дыбыстан да жылдам ұшатын Arrow жауынгерлік дронын шығарды. Компания бұл дронға 100-ден астам тапсырыс алғанын мәлімдеді.

Бұл дрон барлау қызметі қару-жарақ тасымалдау және автономды әскери ұшақ ретінде әрекет ететін әскери авиацияның жұмысын қамтамасыз етеді.

Әскери Arrow 2,1 Max максималды жылдамдығы 2570 км\сағат. 4800 км қашықтыққа дейін ұша алады. Салмағы – 16 800 кг. Бір дронның бағасы конфигурацияға байланысты 9-16 миллион доллар аралығында болады. Арзан модельдерге 100-ден астам тапсырыс түскен.

Прототиптің алғашқы кешенді сынағы 2014 жылы өткізілген. Бүгінде Сингапурдағы Seletar аэроғарыштық паркі Arrow ұшағын өндіруге дайындалып жатыр. Arrow дронын құрастыратын зауыт жыл соңында іске қосылады деп жоспарланған, оған дейін екі прототип АҚШ пен Швецияда жауынгерлік сынақтардан өтеді.

Arrow жеңіл көміртекті талшықты қатты материалдан жасалған, бұл оның максимум жылдамдыққа жетуіне көмектеседі, сонымен бірге өте берік әрі қатты болуын қамтамасыз етеді.

Жауынгерлік және барлау әркететтерін Арроудың жеке өзі ғана емес, сонымен қатар ұшақ эскадрильясы құрамында да орындай алады. Қажет болса, операторлар дронды әуе кемесінен немесе жердегі станциялардан басқара алады.

Дыбыстан жылдам ұшатын ұшақ өндіруде бірнеше әуекомпаниялар бәсекелесіп жатыр. Олар бірнеше жыл ішінде дыбыстан жылдам ұшатын жолаушылар ұшағын құрастыруды жоспарлап отыр.  Соның бірі АҚШ-тың Aerion компаниясы Флоридада штаб-пәтердің құрылысын бастады және AS2 дыбыстан жылдам жолаушылар ұшағын шығаруға дайын.