Үш экраны бар ноутбук шықты

Compal компаниясы бірнеше экраны бар ноутбуктың үлгісін жасады. Бұл жайлы HotHardware басылымы хабарлады.

Жаңа компьютердің аты – Airttach. Компания өкілінің хабарынша, бұл компьютер – экраны үлкен әлемдегі жалғыз нотбук. Девайстың үш экраны бар. Ортаңғы экранына екі жақтан екі дисплей жалғанып, арнайы кронштейнмен ілінеді. Мұндай компьютер әсіресе, биржа трейдері, бағдарлама жасаушы, мемлекеттік қызметкерлерге, контент менеджерлеріне қажет. Олар бірнеше ақпаратпен жұмыс істейтіндіктен, бәрі көз алдында болса соғұрлым ісі өнімді болмақ.

Әр экранның диагоналі – 13 дюймнан, ал жақтауының қатынасы – 48:9.

Нотбуктың тағы бір ерекшелігі – әрбір консольді, яғни, әрбір экранды бөлек қолдануға да болады.  

Compal ноутбугі кәдімгі алып классикалық компьютерге ұқсас, бірақ жинап қолға ұстап жүруге болады. "Экраны ірі компьютерді кішірейтіп, жинақы етудің жолы баршылық" дейді қондырғыны жасаушылар.

Қазір Airttach компьютері әлі жасалу үстінде, тек үлгісі ғана сызылды. Бір жылдың ішінде өндіріске шығару жоспарда тұр.

Айта кеткен жөн, Expanscape компаниясы да 7 экраны бар компьютер шығаратынын айтқан. Оның шығаратын ноутбугінің аты – Aurora 7. Негізгі экраны – төртеу. 17,3 дюймды болмақ. 4К видеоны көрсете алады. Қалған үшеуі – қосалқы экран. Оның көлемі – 4 дюймды. Бүкіл компьютердің салмағы – 12 келі.