Apple компаниясы 6G-ны зерттеуге кірісті

Apple компаниясы алтыншы буын байланысымен жұмыс істей алатын инженерлерді іздеуде. Бұл жайлы Bloomberg хабарлады.

Америка компаниясы жаңа буын байланысын зерттеуге қабілеті жететін инженер-зерттеушілерді іздеп, ваканция жариялады.

Сіздер сымсыз байланыс технологиясының мүлде басқа түрін жасау арқылы адамзаттың өмірін өзгертулеріңіз мүмкін. Тіпті, Apple өнімін де мүлде өзгеше етуге мүмкіндігіңіз бар, - деп жазылған хабарламада.

Bloomberg басылымының болжамынша, 6G жасау мен таратуға әлі 10 жылдай уақыт керек. Яғни, мұндай технология 2030 жылы пайда болуы мүмкін. Ал Apple соны қазірден бастап зерттеп, желі технологиясын ерте табуға тырысып бағуда.

Қазір Apple компаниясы 5G желісіне қосылған смартфондарды шығарып жатыр.