Қолмен реттеуге болатын VOY көзілдірігі туралы білесіз бе?

Қолмен реттеуге болатын VOY көзілдірігі туралы білесіз бе?
Фото: ces.tech

Диоптриялары -5-тен + 2-ге дейін оңай өзгеретін VOY көзілдірігі CES 2021 көрмесінде марапатқа ие болды.

Миллиондаған адамдар бірін оқуға, екіншісін көшеде киетін екі көзілдірікке мұқтаж. Екі көзілдірікті алып жүру және оларды бір-бірімен алмастырып тағу адамға ыңғайсыздық тудырады.

Ал VOY көзілдірігі осы қажеттілікті өтейді. Аталмыш көзілдірік жақтауындағы бұранданы бұрап бірнеше секунд ішінде линзалар диоптрлерін -5 тен +2 аралығында өзгертуге болады.

VOY Glasses авторлары ғылыми жаңалық ашпаған. Олар Нобель сыйлығының лауреаты Луис Вальтер Альварестің 1960 жылдары жасаған технологиясын тиімді пайдаланған. Тек бұл компания осы технология негізінде көзілдірікті алғаш болып сатылымға шығарды.

VOY Glasses компаниясының футуристік көзілдірігінің бағасы 79 доллар. Фланецтегі екі бұранданы бұрап, кез келген көзге диоптрияны реттеп, "оқуға" және "көшеде жүруге" қажетті жағдай жасауға болады.

Бұл құрылғы қалай жұмыс істейді?

Фланецтегі реттегіш болттар көзілдіріктердегі екі "жылжымалы" поликарбонат тақтайшаларын ауыстырады, олардың фокустары -5-тен +2 аралығында болады. Мұндай технология медициналық құрылғылар мен смартфон камераларында қолданылады.

VOY қарапайым және күннен қорғайтын көзілдіріктер шығарады.

Офтальмологтың кеңесінсіз оптикалық көзілдірікті таңдау, оны "түзету" дұрыс емес. Инновациялық өнімнің қаншалықты сапалы және пайдалы екенін уақыт көрсетеді.

Т. Раушанұлы