Әлемдегі ең қауіпсіз әуе компанияларының рейтингі жарияланды

AirlineRatings әлемдегі ең қауіпсіз әуе компанияларының рейтингін жариялады.

Тізімнің алғашқы үштігін Аустралияның Qantas, Жаңа Зеландияның Air New Zealand және катарлық Qatar Airways компаниялары иеленген.

"Qantas – ең тәжірибелі авиакомпания. Оның жүз жылға жуық тарихы бар және авиакомпания өткен кезең ішінде ұшу және қауіпсіздік тұрғысынан рекорд орнатты", - делінген хабарламада.

AirlineRatings деректері бойынша ең қауіпсіз 20 авиакомпания:

1. Qantas (Аустралия);
2. Air New Zealand (Жаңа Зеландия);
3. EVA Air (Тайвань);
4. Etihad (БАӘ);
5. Qatar Airways (Катар);
6. Singapore Airlines (Сингапур);
7. Emirates (БАӘ);
8. Alaska Airlines (АҚШ);
9. Cathay Pacific Airways (Қытай);
10. Virgin Australia (Аустралия);
11. Hawaiian Airlines (АҚШ);
12. Virgin Atlantic Airlines (Ұлыбритания);
13. TAP Portugal (Португалия);
14. SAS (Швеция);
15. Royal Jordanian (Иордания);
16. Swiss (Швейцария);
17. Finnair (Финляндия);
18. Lufthansa (Германия);
19. Aer Lingus (Ирландия);
20. KLM (Нидерланды).

AirlineRatings деректері бойынша ең қауіпсіз бюджеттік 10 авиакомпания:

1. Air Arabia (БАӘ),
2. Flybe (Ұлыбритания),
3. Frontier (АҚШ),
4. Hong Kong Express (Қытай),
5. IndiGo (Үндістан),
6. Jetblue (АҚШ),
7. Volaris (Мексика),
8. Vueling (Испания),
9. Westjet (Канада),
10. Wizz (Венгрия).

Айта кетейік, AirlineRatings әлемдегі 385 авиакомпанияның қауіпсіздігін бақылайды.