Қытай Айдан алынған топырақ сынамасын NASA-ға беру үшін шарт қойды

Қытай Айдан алынған топырақ сынамасын NASA-ға беру үшін шарт қойды
Фото: dailytribunal24.com

Қытайдың "Чанъэ-5" зонды Айдың күнгей бетіндегі "Дауылдар мұхиты" аймағынан топырақ сынамасын бұрғылап алып, оны Жерге жеткізді.

2011 жылы NASA Қытай үкіметі мен Қытайға қатысты ұйымдармен ынтымақта жұмыс істеуден бас тартқан еді.

"Қытай Chan'e-5 зонды арқылы Жерге жеткізілген Ай топырағының үлгісін NASA-мен бөлісуі мүмкін, бірақ бұл үшін АҚШ үкіметі Қытай ғарыш агенттігіне деген саясатын өзгертуі керек. Өкінішке қарай, АҚШ Конгресі 2011 жылы НАСА-ның Қытайдың аэроғарыш саласымен ынтымақтастығын шектейтін заң қабылдаған", - дейді Қытайдың Ай бағдарламасы директорының орынбасары У Янхуа.

Ай бағдарламасы директорының орынбасары Қытай Марстан алғаш боп топырақ сынамаларын алу үшін дайындалып жатқанын айтты.

2011 жылы NASA Қытай үкіметі мен Қытайға қатысты ұйымдарды өз жобаларынан шығарды. Бірақ Chan’e-4 миссиясы кезінде НАСА Конгресстен рұқсат алып, Бейжіңмен жұмыс істей алды.

17 желтоқсанда Ай бетінен алынған топырақ үлгілері бар капсула, Чаньэ-5 зондымен, Қытайдың ішкі Моңғолия аймағына келіп қонды.

Осы оқиғадан соң Қытай 44 жылдан кейін Ай бетінен Жерге геологиялық үлгілерді жеткізген үшінші мемлекет атанды. Бұған дейін КСРО мен АҚШ топырақ сынамаларын әкелген еді. Кеңес Одағының "Луна" миссиясы 1970-1976 жылдар аралығында Жерге 326 грамм Ай топырағын алып келген, ал "Аполлон" миссиясында АҚШ-қа 391 грамм Ай топырағы жеткізілген.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қытай өзінің ұлттық ғарыш бағдарламасын белсенді дамытып жатыр. Қытай кейінгі 2 жылда ғарышқа ұшу саны бойынша әлемде көшбасшы саналады. 2030 жылға дейін Айға ғарышкерлерді жіберіп, сонда өз базасын құруды жоспарлап отыр.

Т. Раушанұлы