Кореялық студент қолданылған медициналық маскалардан жиһаз жасап жатыр

Кореялық студент қолданылған медициналық маскалардан жиһаз жасап жатыр.

"Бір орындық жасауға 1500 маска қажет", - дейді Ким Ха Нул.

Полипропиленнен жасалған бір рет қолданылатын маскалар қоқысын іске асыруды ойлаған дизайнер олардан жиһаз жасап шығаруды ойлаған. Ол медициналық маскадан жасалған орындықтарды "Stack and Stack" деп атаған.

"Егер пластик қайта өңделсе, неге синтетикадан жасалған медициналық маскаларды қайта өңдеуге болмайды?", - дейді 23 жастағы дизайнер.

Маусым айында Ким өзі оқитын Кайван өнер және дизайн университетінде маска жинауға арналған қорап орнатқан. Содан бері ол 10 мың медициналық маска жинап және фабрикадан бір тонна жарамсыз маска алған.

Коронавирустың жұқтыру ықтималдығын азайту үшін Ким маскаларды кемінде 4 күн қоймада сақтап, содан кейін оларды 300 градусқа дейін қыздырып ерітеді.

Ким өзі оқитын оқу орнының бітіру кешіне медициналық маскалардан жасалған биіктігі 45 см ақ, қызғылт, көк және қара үш аяқты орындықтарды тарту еткен.

Енді Ким орындықтар мен үстелдер сияқты басқа жиһаз бұйымдарын шығаруды жоспарлап отыр. Ол сондай-ақ үкімет пен жеке компанияларды қолданылған маскаларды қайта өңдеуге шақырады.

Тек қыркүйек айында үкімет Оңтүстік Кореяда бір миллиард маска шығарылғанын хабарлады.

Кимнің орындығы әлі сатылымға қойылмағанымен, студенттер оның тапқырлығы мен орындықтың ерекше дизайнына таңқалған.