"Ковидсіз саяхат": Туристерге арналған жаңа қосымша іске қосылады

"Ковидсіз саяхат": Туристерге арналған жаңа қосымша іске қосылады

Интеграциялық бірлестіктің мүшелері Армения, Беларусь және Ресей елдері коронавирус індеті кезінде Одақ ішіндегі шекараларды бюрократиялық кідіріссіз кесіп өтуге мүмкіндік беретін жаңа қосымшаны сынақтан сәтті өткізді. Жақын арада бұл қосымша Қазақстан азаматтарына да қолжетімді болады.

COVID-19 тест нәтижесін азаматтар мобильді қосымшасы арқылы алады, бұл QR-код арқылы ұшып шыққан жері бойынша да, келген жері бойынша да әуежайларда қосымша тестілеуден өтпей-ақ шекарадан өтуге мүмкіндік береді. Бұл жоба ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің таяудағы отырысында қаралған.

Жүйенің жұмыс істеу реті: қосымшаға жөнелту елі, содан кейін келу елі, сондай-ақ ПТР-тест нәтижесінің деректері енгізіледі. Осының барлығы ЕАЭО елдерінің электрондық зертханаларының бірыңғай электрондық жүйесінде көрініс табады. Зерттеу нәтижелері шекарада көрсетілетін QR-кодқа енгізіледі.

"COVID-19-сыз саяхат" қосымшасы сынақтан сәтті өткен. Қосымшаны ЕАЭО елдерінде күнделікті пайдалану туралы шешім үкіметаралық деңгейде қабылданатын болады.

А. Рысдәулет