Роутер жылдам істеу үшін қайда тұрғаны жөн?

Үйде роутер жылдам тарту үшін қалай орналастырған жөн? Қай жерге қойған дұрыс? Бұл сауалдарға "Роскачества" маманы Сергей Кузьменко жауап береді.

Маманның айтуынша, Wi-Fi-роутер кедергісі аз жерде орналасқаны жөн. Мәселен, қабырғаның жанына қоюға болмады, бұл сәуленің шығуына кедергі жасайды. Қапталын жиһазбен де жабуға болмайды. Барынша ашық жерде тұрғаны жақсы.

"Сондай-ақ радиотелефон мен қысқатолқынды пештің жанына қоймаған жөн. Өйткені электрлі құралдардан шыққан радиожиілік пен магнитті өріс туғызып, уай-файдың сәулесін бұзуы мүмкін. Сондықтан оны ас үйге мүлдем қоймаған жақсы", - дейді Кузьменко.

Маманның айтуынша, Wi-Fi-роутер жылудың, радиатордың, пештің жанына да қоюға болмайды. Өйткені роутер де электрлі құрал болғандықтан, айналасына жылу бөледі. Ал оны салқындатып отырған жөн. Сондықтан роутердің желдеткіші мен салқындатқыш бөліктері ашық тұруы тиіс.

Ал үлкен үйде тұратындар роутердің жылдамдығы бар бұрышқа жетуі үшін репитер сатып алып орнатса болады. Бұл девайс Wi-Fi-сигналдың жан-жаққа тарауына көмектеседі.