Time 2020 жылдың ең үздік өнертабыстарын жариялады

Time 2020 жылдың ең үздік өнертабыстарын жариялады
Фото: time.com

Time журналы 2020 жылдың ең үздік 100 өнертабысын жариялады. Жылдың ең үздік өнертабысы үшін берілетін бас жүлдені сүт безі қатерлі ісігіне диагностика жасайтын шағын құрылғы жеңіп алды.

Тізімді жасауға журналдың редакторлары мен дүниежүзі журналистері қатысқан. Конкурсқа қатысуға өтінімдер онлайн қабылданып, содан кейін әр үміткер бірқатар көрсеткіштер бойынша бағаланған.

Тізімде ерекше өнертабыстар да бар: жалғызбасты адамдарға арналған робот-ит, жаттығуға арналған виртуал көзілдірік, үй планетариі, смартфонға арналған дезинфекциялайтын функциясы бар тірек қондырғысы, тіс пастасына арналған экологиялық таза қорап және ақылды омарта.

Сондай-ақ, 2020 жылғы өнертабыстардың қатарында вирустар мен бактериялардан қорғайтын мыс пиджак, 90 градус бұрышпен жұмыс істейтін Samsung Sero теледидары, электр арба, құрылысшыларға сөйлесуге, бейнежазба жасауға және қауіпті материалдарды анықтауға арналған "ақылды" бас киім, 88 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын шағын электромобиль бар.

City Transformer электромобилі

Электр арба

Вирустар мен бактериялардан қорғайтын мыс пиджак – Vollebak Full Metal Jacket

Бірнеше рет пайдалануға болатын және 99,6 пайыз вирустан қорғайтын медициналық маска – Breathe99 B2

Адам ойын оқитын Lab AlterEgo құрылғысы

Сонымен қатар тізімге ноутбукке айналатын Microsoft Surface Duo смартфоны, 60 секунд ішінде суды вирустар мен бактериялардан ультракүлгін сәулемен тазалайтын құрылғы, адам ойын оқитын Lab AlterEgo құрылғысы, қалыңдығы небәрі 2 см болатын LG теледидары, адамды 99,6% вирустан қорғайтын медициналық маска, жүрек соғысының жиілігін, ұйқы сапасы мен дене температурасын өлшейтін сақина сияқты өнертабыстар енген.

Т. Раушанұлы