Google-дан басқа альтернатив іздеу жүйелері

Google-дан басқа альтернатив іздеу жүйелері
Фото: lifehacker.ru

Қазақстанда интернет қолданушылар ақпарат іздегенде Яндекс не Google іздеу жүйелеріне басымдық береді. Әдетте компьютерге орнатылған арнайы браузерлерде дайын іздеу жүйесі тұрады. Ал әр жүйенің іздейтін базасы әртүрлі болатынын білесіз бе? Назарларыңызға аса танымал емес, бірақ қолдануға ыңғайлы іздеу жүйелерін ұсынамыз.

DuckDuckGo

DuckDuckGo негізінен АҚШ-та сұранысқа ие. Бастапқы коды ашық іздеу жүйесі. Өзінің роботынан бөлек әлемде кеңінен таралған Yahoo, Bing, Уикипедия секілді базаларды қолданады. DuckDuckGo-дың өзгелерден ерекшелігі, қолданушылар жайлы дерек жинамайды және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. 

not Evil

not Evil жүйесі Tor аноним желі арқылы іздеу жасайды. Бұл жүйені пайдалану үшін арнайы браузер жүктеу қажет. Google не Яндекс сияқты танымал іздеу жүйелері "көрмейтін" базаларға өте алатынымен ерекшеленеді.

YaCy

YaCy – P2P желілер принцибіне сүйеніп жұмыс істейтін іздеу жүйесі. Бағдарламалық модуль орнатылған кез келген компьютер интернетті өздігімен зерттеп, база жинайды. Ал бұл базаны YaCy жүйесінің қоланушылары пайдалана алады. YaCy өзгелерден мүлдем басқа іздеу принцибімен ерекшеленеді.

FindSounds

FindSounds – мамандандырылған іздеу жүйесі. Ашық дерккөздерден түрлі дыбыстарды іздеуге арналған. Алайда FindSounds-та тек әлемде кеңінен таралған тілдер қолжетімді. 

Wolfram|Alpha

Wolfram|Alpha – есептеуіш іздеу жүйесі. Мәлімет іздегенде сайттардың сілтемесін емес, дайын жауапты көрсетеді. Әдетте бұл жүйеден түрлі статистика мен сандарды іздейді.

Dogpile

Dogpile – Google, Yaho не Яндекс сияқты танымал іздеу жүйелерінің нәтижесін жинақтап көрсететін жүйе. Бірнеше жүйенің үздіктерін ғана теріп алып, бірінші бетке шығарады.

BoardReader

BoardReader – форум, сұрақ-жауап және қоғамдастықтарды қамтыған іздеу жүйесі. Бұл жүйе арнайы форумдар мен базаларды қолданады. Іздеу барысында тек сайттарды ғана емес, әртүрлі адамдардың жазған пікірлерін де топтастырады. 

А. Рысдәулет