АҚШ-та дәмі табиғи балға ұқсас жасанды бал шығарылды

Америкалық MeliBio стартабы дәмі, түсі, жабысқақтығы табиғи балдан кем түспейтін жасанды бал дайындады. Fast Company басылымының хабарлауынша, тәжірибеде дәмін салыстырып көргендер екеуінің айырмашылығын байқамаған.

MeliBio директоры Дарко Мандичтің сөзіне сенсек, олар жасанды балды араларды коммерциялық мақсатта қолдануды азайту үшін шығарған. Қазір АҚШ-та ара шаруашылығымен қатар экология аралардың жүздеген түрін жойып жіберу қаупі бар.

Жер бетінен аралар жойылып кетсе не болады?

"Біз дәл аралардай бал жасау үшін ғылымға жүгіндік", - дейді Мандич. Компания бал құрамындағы заттарды дәлме-дәл пайдаланғандықтан синтетикалық өнімнің дәмі табиғи балға ұқсаған.

Ғылыми қызметкер Аарон Шаллер мен директор Дарко Мандич ©MeliBio

Компания жасанды бал технологиясын патенттеп алған, бірақ Fast Company тұжырымына сай, бұл жасанды сүт жасайтын Perfect Day Foods технологиясына ұқсайды.

MeliBio нарыққа 2021 жылы шығуды жоспарлап отыр. Компания алдымен балды сусабын, сабынға қосатын косметика компанияларымен жұмыс істемек. Ал бағасы табиғи балдан арзанырақ болады.