Нұр-Сұлтанда жасанды сана рентген суретіне қарап диагноз қояды

Назарбаев университетінің University Medical Center сәуле диагностика бөлімінің дәрігерлері Назарбаев университетінің медицина мектебімен бірге ренгтен-сурет және көкірек қуысының компьютерлік томографиясына қарап жылдам әрі дәл диагноз қоятын жасанды сана платформасын жасап жатыр. 

Қазақстандықтар жылда көкірек қуысының компьютерлік томографиясына түсуге кеңес беріледі. Оның арқасында туберкулез не өкпе рагын бастапқы кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді. Бағасы салыстырмалы түрде қымбат болғанына қарамастан көбі бұған назар бөле бермейді. Уақыт тығыздығынан алдын ала жазылу, суретке түсу, одан кейін нәтижесін күту мүмкін болмайды. Ал дәрігер қиындығына қарай әрбір рентген-суретті екі күнге дейін өңдеуі мүмкін. 

Мамандар болашақта суреттерді өздігінен өндеп, аз уақыт ішінде ауруды анықтап, диагноз қоя алатын жасанды сана негізіндегі платформаны жасап жатыр. Қазір мамандар республикалық диагностика орталығы мен Ұлттық ғылым орталығында жұмыс істеуде. 

Жасанды сана негізіндегі платформа қалай жұмыс істейді?

"Қарапайым жасанды сана компьютерге орнатылып, рентгенге арналған құрылғыға қосылады. Компьютерден бірден қажет ақпаратты алуға болады. Проблема анықталған аймақты түрлі түспен айрықшалайды. Пациенттер саны көбейгенде дәрігер үлгере алмай, жасанды сананың көмегіне жүгінеді. ЖС қай пациенттерді бірінші қабылдау керегін анықтайды", - дейді University Medical Center ғылым және білім департаментінің бас менеджері әрі жобаның үйлестірушісі Гүлмира Абақасова. 

Оның айтуынша, жасанды сана күніне 3 мыңға жуық суретті өңдей алады. 

"Кез келген ауытқыны ісік деп қабылдайтындай сезімтал етуге болмаса тек ең маңызды патологияларды дәл анықтайтындай етуге болады. Әр адамның ағзасы әр түрлі. Жасанды сана осының арқасында әр суреттен білмегенін үйренеді", - деп түсіндірді Гүлмира Абақасова. 

"Платформаға қосылу үшін қуатты компьютер мен тұрақты интернет қажет. Ал платформаға жасанды сананы қосуға қосымша қаржы керек", - дейді Гүлмира Абақасова.