Назарбаев университеті репетитор-студенттерге арналған қазақстандық жобаны қолдады

Назарбаев университеті репетитор-студенттерге арналған қазақстандық жобаны қолдады

Назарбаев университеті қазақстандық студенттердің оқушыларға емтиханға дайындалуға, шетелдегі жоғары оқу орындарына түсуге не тіл үйренуге көмектесетін жаңа жобаға қолдау көрсетті.

Жаңа платформа SanaX деп аталады. Оның көмегімен шетелде оқып жатқан қазақстандық студенттер оқушыларға тіл үйретіп, оқу орындарына түсуге көмектеседі.

"Енді оқушылар әр репетиторға хабарласып, оның білімін тексеріп отырмайды. Ал репетитор сабақ кестесін түзіп, оқушы іздеп, оқу бағдарламасын жасамайды. Бұған кететін уақытты білім беруге жұмсағаны абзал. Бізде бәрін программа өзі дайындайды. Мен мұны танымал Uber және Indriver такси қызметтерімен салыстырамын", - дейді жобаны жасаушы студенттер Санжар Бидайбек пен Нұрдәулет Кемел.

"Мен Гонконг ғылым және технология университетінде білім алып жатырмын. Нұрдәулет осында мұғалім болып қызмет істейді. Студенттердің арасында бос уақытында қосымша сабақ өткізіп, оқушылардың емтиханына дайындалуына көмектесетіндер көп. Бұл қосымша табыс көзі. Бүкіл әлемде репетиторлық жақсы дамып келеді", - дейді Санжар.

Идея авторлары жобаны Назарбаев университетіндегі NURIS (Nazarbayev University Research and Innovation System) стартапқа арналған инкубациялық бағдарламаға ұсынған. Жоба жайлы мына сілтемеден толық оқи аласыз.

"Біз идеямыз жайлы видео түсіріп, қазыларға ұсындық. Үш ай бойы Назарбаев университетінде біздің идеяны іс жүзінде жүзеге асыруға көмектесті", - дейді Санжар. Оның айтуынша, платформаның негізгі аудиториясы – оқушылар мен студенттер.

"Білімді тек онлайн форматта береміз. Барлық репетиторымыз – әр елде оқитын студенттер мен мамандар. Командамызда Оңтүстік Корея, Гонконг, Канада және Назарбаев университетінің студенттері бар", - деді Санжар. Жоба 2021 жылдың басында іске қосылады. 

Кез келген қазақстандық Назарбаев университетіндегі арнайы бағдарлама бойынша іріктеуден өтіп, жобасын ұсына алады. Ол жақта стартаптың дамуына атсалысып қана қоймай, бизнеске баулу, жеке менторлық және сарапшылар қолдауы, қаржы берумен көмектеседі. Бағдарламаға қатысу тегін.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"