Смартфонға вирус кіргенін қайдан білуге болады?

Ресейлік маман Алеся Боровикова смартфоныңызды интернеттен қашан ажырату керегін айтты, деп жазды MK басылымы.

Оның айтуынша, интернет-трафик тым жылдам кететінін байқасаңыз бірден смартфонда интернетті өшіру қажет. Өйткені бұл вирус-программа болуы мүмкін. 

Вирус кірген смартфон әртүрлі серверлермен өздігінен "байланысып", интернет-трафиктің тез азаюына себеп болады.