Онлайн-олжа: Сурет сапасын жақсартатын Letsenhance сервисі

Онлайн-олжа: Сурет сапасын жақсартатын Letsenhance сервисі
Фото: letsenhance.io

Letsenhance – жасанды интеллектіге негізделген онлайн-сервис. Ол суреттің сапасын жақсартып, сонымен бірге көлемін үлкейте алады.

Сервиске тіркелгеннен кейін суретті сілтеме, Google Drive арқылы және құрылғыдан жүктеуге болады. Сервис сапасы нашар суретті өңдеп береді немесе сапасын сақтай отырып сурет көлемін 2, 4, 8, 16 есе үлкейтеді.

Алгоритм суреттің реңкін, текстурасын, түсін, қанықтығын оптимизациялайды. Өңделгеннен кейін нәтиже бірден білінеді.

Сервис әр тіркелген қолданушыға 5 рет сурет өңдеуге мүмкіндік береді. Оны ақылы нұсқасын сатып алып көбейтуге болады.

Осы сияқты Remini қосымшасы да сурет сапасын жақсартуға арналған.

Өзге онлайн-олжалар

Massaget.kz